«АУРУХАНАДА ЕСІМДІ ЖИДЫМ»
КҮЙЕУІНЕН 10 ЖЫЛ ЗӘБІР КӨРГЕН МӘДИНА
(кейіпкер өтінішімен толық аты-жөні
жарияланбайды)
Мәдина Түркістан облысының Мақтаарал ауданында туған. 11 баланың жетіншісі.

Әкесі – дихан. Анасы – үй шаруасындағы әйел.

Мәдина да, бауырлары да мектеп жасынан мақта алқабында бел жазбай еңбек ететін.

Ол мектеп бітіріп, Шымкенттегі медициналық колледждің біріне оқуға түсті.

Жаңа орта. Жастық шақ. Қызық күндер.
Сабағын оқып, жатақхана мен колледжден алысқа ұзамайтын.
Бір күні курстас құрбысы туған күнін тойлатуға Сарыағаштағы үйіне шақырды. Барды. Құрбысының сыныптастары да келіпті.

Танысып, әзілдесіп, би билеп, ән айтып, көңілді отырды.

Сол кеште Мәдинаны жігіттердің бірі ұнатып, алып қашты.

Танымайтын адам, мүлдем жат, бөтен үй.

Ауыл үлкендері орамал салып, көндірмек болды.

Барынша қарсылық танытты. Келісімін бермеді.
Қызын іздеп келген әке-шешесі: «Үйге қайтсаң, елге масқара боламыз. «Қызы қайтып келіпті» деп, саусағымен шұқып көрсетеді.
Осы үйге балдай батып, судай сіңесің» деп, қалдырып кетті.

18 жасқа енді толған. Колледждегі оқуы да, арман-мақсаты да тас-талқан болды.
Беташар өтті.

Үлкен үйдің қым-қуыт тірлігін тез-ақ дөңгелетіп алып кетті.

Ата-енесі мен күйеуінің бабын жасады.

Бірін бірі қайталайтын бірсыдырғы күндер зуылдап өтіп жатты.
«Әуел баста күйеуім жақсы жар болуға тырысты. Үй шаруасына да көмектесіп, қамқор болды. Жүрегімнен орын алып, сезімім оянды. Алайда бұл оның алдамшы бет-бейнесі екен».
«Шынайы болмысын үш-төрт айдан кейін көрдім. Ішімдікке тойып келіп, мені ұрып-соғып, тепкілеп, ата-енемнің көзінше зорлады. Тұңғыш баламызға жүкті едім».
Күйеуі Мәдинаны жиі ұрып-соғатын болды. Бала көбейіп, шығын молайған сайын, ұрыс-керіс те жиіледі. Әсіресе, жыл сайын тамызда үйден береке кетіп, үнемі жанжал шығатын.
Төртінші баласы мектепке баратын жылы күйеуі шала бүлінді.

«Қайынатам енеме қол көтергенін талай рет көрдім. Соны көріп өскен балалары да зорлық-зомбылыққа жақын. Қайынағаларым да әйелін жиі ұратын. Күйеуім де маған тыныштық бермейтін.

«Нашар анасың, балаларға дұрыс тәрбие бере алмайсың» деп кінәлайды. Қолымнан келгенше тырысып-бақтым. Үйдің бітпейтін тірлігі, ата-енемнің күтімі, барлық баланың қамын жасап, таң атқаннан күн батқанға дейін тынбаймын. Сөйте тұра алғыс орнына таяқ жеймін.

Төртінші баламыз мектепке барарда күйеуім: «ажырасамын» деп, төбемнен жай түсірді. Тағы екі кішкентайым бар. «Алты баламен қайда барамын?» дедім. «Қайда барсаң, онда бар! Мен сендерді асырай алмаймын» деп, өлімші етіп сабады».
Жоқшылық әбден жүдетіп, жанжал жиіліген соң Мәдина жұмысқа шығады. Күйеуі: «Баланы тудың, оларға кім қарайды?» деп тағы да ұрып-соғады.

Ұр да жық әке балаларына да зәбір көрсетеді. Мәдина жұмысынан шығып, балаларының жанында отырады.

Күйеуі: «Жұмыс істеп, ақша табамын" деп, Шымкентке кетеді.

«Алғашқы айларда үйге келіп тұратын. Азын-аулақ ақша әкелетін.

Балаларға киім, ойыншық әкеліп тұрды. Жұмысын сылтауратып, үйде көп болмайды. Ертеңіне қайта кететін. Жаным да, құлағым да тыныш.

Ұрып-соғатын адам жоқ. Балаларым да емін-еркін жүріп, ойнайтын. 6-7 айдан кейін күйеуімнің үйге келуі азайды. Мүлдем келмейтін болды.

Банк картамызға азын-аулақ ақша аударып тұрады. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, арам ойдан аулақ болдым.

«Жолдасым жұмыс істеп, бізді асырап жатыр» деп ойладым. Сөйтсем, бәрі басқаша екен»
Күйеуінің басқа әйелмен көңіл қосып жүргенін естиді. Сөзге сенбей, қалаға, күйеуінің жұмысына келеді. Аспаз әйелмен көңіл жарастырып жүр екен.

Әйелінің жұмысқа іздеп келіп, шу шығарғаны күйеуіне ұнамайды. Жұдырық ала жүгіреді. Ары қарай не болғанын Мәдина білмейді.

«Көзімді ашсам, ауруханада жатырмын. Дәрігерлер қаумалап тұр.

Күйеуім ұрып-соғып, талдырып тастапты.

Жүкті екенімді, күйеуімнің қатты соққысынан құрсағымдағы балам шетінегенін білдім»
Қатты күйзеліп, өз-өзіне қол жұмсайды. Дәрігерлер аман алып қалды.

Ауруханадан шыққан соң, ауылға бармай, Шымкенттегі «КӨМЕК» оңалту орталығына келеді.
Орталық мамандары Мәдинаның ауылда қалған балаларын алдыртады. Оларды мектепке береді.

Бір айда өз-өзіне келген Мәдина күйеуіне оралмауға бел буып, ажырасуға арыз жазады.

Мәдинаның нақты шешім қабылдағанын көрген орталықтағылар оның жаңа өмірге бейімделуіне көмектесті. Қысқамерзімді кәсіптік курс оқып, жұмысқа орналасады.
«Мейрамханада ыдыс-жуушы болдым. Күнделікті табысым - 2000 теңге. Тамағым тегін. Жалақымды жинадым.

Содан кейін аспаз оқуын оқып, наубайханаға жұмысқа кірдім. Ауысыммен жұмыс істедік. Бос уақытымда самса, бәліш пісіріп, саттым».
Алғашқы күні сауда болмай, кейін «қолым жүріп» кетті. Осылайша күнделікті табысым 3500 теңгеге жетті. Тамағымыз, тұратын жеріміз тегін. Киім-кешекті де орталықтағылар береді.

Сондықтан жалақымды да, балалардың жәрдемақысын да жинадым»
4-5 айдан кейін «КӨМЕК» оңалту орталығының директоры Малика Жүсіпова Мәдинаға пәтер табады. Дәлірегі, жомарт жандар көпбалалы ананы далада қалдырмай, оған пәтер жалдап береді.
Көпбалалы ананың жаңа қоныстағы қуанышы ұзаққа созылмады. Күйеуі Мәдинаны іздеп тауып, балаларды сағынғанын айтады. Балаларын келіп көруіне рұқсат береді.
Күйеуі жалғыз келмей, көңілдесін ертіп келеді.

Мәдинадан 15 мың теңге қарыз алады. Уәделі күні қарызын қайтармай, тағы да 10 мың теңге сұрайды.

«Бұған біз емес, ақшам керек екен» деп ой түйген Мәдина ақша беруден бас тартты. Ашуға булыққан күйеуі балаларының көзінше тағы да ұрып-соғады.
«Жұмысқа барғанымда наубайхана иесі бетімдегі жарақатты көріп, мән-жайды сұрады.

Шындықты жасырмай, болған жағдайды айтып бердім. Ол дереу орталық басшысына хабарласты.

Малика Әбдірашқызымен ақылдаса келе, мені басқа қалаға көшіретінін айтты».

Наубайхана иесі басқа қалалардан наубайхана ашып жатыр екен. Соның біріне Мәдинаны бас наубай етпекші екен.
Пәтер жалдап береді. Қояр талабы – наубайхана жұмысын дамытуы керек.

Ұртоқпақ күйеуден құтылатына қуанып, балаларын алып, сол қалаға көшеді.
Міне, содан бері бір жыл өтті. Қазір Мәдина – өз ісінің нағыз маманы. Баспанасы, балаларын асырауға жететін табысы бар. Өзіне сенімді, ешкімге алақан жаймайды. Балалары да бақытты.

Ең бастысы – 10 жыл ұрып-соғып, қорлаған күйеудің тепкісінен азат.
«КӨМЕК» орталығынан комментарий
ҚЫСҚА ДЕРЕК
Мақаланы бөлісіңіз!
Жоба авторы: beine.pro шығармашылық тобы
эл.пошта: beine.pro@gmail.com
Бұл жоба АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге асты.
"Үрейін жеңгендер" жобасының әлеуметтік желі парақшалары
«АУРУХАНАДА ЕСІМДІ ЖИДЫМ»
КҮЙЕУІНЕН 10 ЖЫЛ ЗӘБІР КӨРГЕН МӘДИНА
(кейіпкер өтінішімен толық аты-жөні жарияланбайды)

Малика Жүсіпова, Шымкент қаласындағы «КӨМЕК» оңалту орталығының директоры:

– Біздің орталықта Мәдинаның тағдырына ұқсас әйелдер көп. 55 орынға шақталған мекемеде бос орын болмайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан қашып келіп, паналаған әйелдер көп жағдайда отбасына қайта оралады. Себебі, абьюзерлер (физикалық та психологиялық та тұрғыдан зорлық көрсетуші – авт.) қатесін мойындап, кешірім сұрап келеді. Бала-шағасын уайымдаған әйелдер кешірім беріп, отбасын сақтап қалуды ойлайды. «Сүйемін-күйемін. Жаңылдым, енді ұрмаймын» деген еркектер уәдесінде тұрмай, әйелдері үйге оралған соң ескі әдетіне қайта басады. Күйеуінің қорлығынан бас сауғалаған әйелдер үйінен қашып, осында қайта келеді. Кейбірін ауруханадан алып келеміз. Жалпы әйелдер мұнда түрлі жағдайда түседі, бірақ бәрінің тағдыры ұқсас. Бәрі де отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны.
ҚЫСҚА ДЕРЕК

«КӨМЕК» оңалту орталығы 2017 жылы ашылған. Бұл орталық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға көмектеседі.

Алғашында 20 орынға шақталған екен. 2018 жылы 55 орынға кеңейтілді.

Орталық ашылғалы 578 адам көмек сұрап, жүгінген. Олардың 287-не мемлекеттік тапсырыс аясында әлеуметтік және құқықтық көмек берілген.

108 адам орталыққа қоныстанған.

Жеке қаржы есебінен 132 адам көмек алып, 78-і жұмысқа орналасқан.

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандары орталықта 6 айға дейін паналайды. Әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек алады. Кәсіби оқу курсынан өтеді. Олардың жұмыс табуына жәрдемдеседі.
__________

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
«КӨМЕК» оңалту орталығының мекенжайы:

Шымкент қаласы, Водопьянов көшесі, 1Б үй

Байланыс телефондары:

8 707 025 29 54

8 702 432 61 32

8 702 502 25 03

8 705 372 22 27

8 701 477 83 59

Made on
Tilda